7.11.2025, 15:00
Оқылды: 275

Қолжетімді медицина: Президент тапсырмасы бойынша Батыс Қазақстан облысында МСАК нысандары пайдалануға берілді

Батыс Қазақстан облысының Ақбұлақ ауылында қайтарылған активтер есебінен фельдшерлік-акушерлік пункт салынды.

5220125216481152044
«Ұлттық жоба Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. Біз кездескен ауыл тұрғындары зор ризашылықтарын білдіруде. Бұл жаңа нысандар ауыл халқының денсаулығын нығайтуға үлкен үлес қосады. Мұнда ауруларды ерте кезеңде анықтауға, скринингтік тексерулер жүргізуге мүмкіндік бар. Балалар, жүкті әйелдер мен жас аналар, сондай-ақ қарт адамдар осы жерде медициналық қызмет алады. Біз мұның бәрі ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтауға және нығайтуға айтарлықтай септігін тигізеді деп санаймыз», — деді Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Өтешев.

Дереккөз: KZgovernment

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале