ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерін кешенді аттестаттау тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. БАҚ өкілдерінің сауалдарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова жауап берді.
«Биылғы аттестаттаудың бұрынғылардан ерекшелігі - мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру үшін олардың кәсіби даярлығы мен мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған. Аттестациялау уақытында мемлекеттік қызметке түсуге мораторий жарияланбайды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің ішкі ауысуы болуы мүмкін және қызметшілерге аттестациядан өту талабы ғана қойылады. Сонымен қатар, уақытша орында отырған қызметші аттестациялық комиссияның шешімін күтпей, конкурсқа қатысуға құқылы»,-деді спикер.
Аттестациялық комиссияның құрамына қызметшілермен бірге қоғам өкілдері мен БАҚ өкілдері тартылатын болады. Бұның барлығы мемлекеттік қызметке түсу барысының ашықтығын қамтамасыз ету бағытында жасалынып отыр, - деді Айгүл Амантайқызы.