10.11.2025, 9:00
Оқылды: 48

Қазақстандық оқушылар KhIMIO2025 халықаралық олимпиадасында 100 пайыз нәтиже көрсетті

Тәжікстан Республикасының астанасы Душанбеде 5-9 қараша аралығында өткен KhIMIO2025 халықаралық математика және информатика олимпиадасында қазақстандық оқушылар жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына сегіз медаль салды. Байқауға 10 мемлекеттен дарынды оқушылар қатысты, - деп жазады  Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
_gluster_2025_11_10_f1696bf3ae98b653851e193ce6292f3f_1280x720

Қазақстан құрамасы екі жас санатында 14-15 жас (7-8 сынып) және 16-18 жас (9-11 сынып) аралығындағы оқушылардан құралды. Нәтижесінде қазақстандықтар жүз пайыздық көрсеткішке қол жеткізді.

Жоғары жас санаты (9-11 сынып):

Мансур Мамадахунов – Қызылорда облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика);

Алдияр Сейтбай – Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика);

Әли Еркебұланұлы – ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі, Алматы (математика);

Бердібек Орынбасар – Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернаты (математика).

Кіші жас санаты (7-8 сынып):

Ахмет Бердімұрат – Ақтөбе облыстық «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернаты (математика);

Темір Оразбек – Республикалық физика-математика мектебі, Алматы (математика);

Азамат Рахимбердиев – Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика); Ислам Ермуханов – Ақтөбе облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика).

Олимпиаданың жұмыс тілдері – ағылшын, орыс және тәжік тілдері. Қатысушылар математика мен информатика пәндері бойынша теориялық және практикалық турларда білімдерін сынады.

Қазақстан құрамасының олимпиадаға қатысуы Оқу-ағарту министрлігінің тікелей қолдауымен, сондай-ақ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале