11.11.2025, 18:00
Оқылды: 37

Төтенше жағдайлар департаментінің басшылық құрамымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесі бойынша кеңес өтті

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Байсалов пен Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департамент бастығы азаматтық қорғау полковнигі Жанболат Жаншиннің төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбына арналған кеңес өтті.

чс3

Кеңес барысында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, ашықтықты арттыру, цифрландыруды дамыту және қоғаммен тұрақты диалог орнату арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету жолдары талқыланды.

Спикерлер мемлекеттік қызметші әдебінің маңызын атап өтіп, тәртіп пен жауапкершіліктің төмендеуі жемқорлыққа қолайлы орта қалыптастыратынын жеткізді.

Сондай-ақ жастар арасында адалдық мәдениетін қалыптастыру, басшылық құрамның үлгі көрсетуі және профилактикалық шараларды күшейту бағытындағы жұмыстардың жүйелі түрде жүргізіліп жатқаны айтылды.

чс1

Жиын қорытындысында заңнама талаптарын мүлтіксіз орындау, Әдеп кодексінің қағидаттарын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту міндеті ерекше атап өтілді                                  

 

                                                               Мемлекеттік қызмет істері

                                        агенттігінің Батыс Қазақстан

                                        облысы бойынша департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале