11.11.2025, 20:00
Оқылды: 360

Тиімді сайлау – табысты қоғам

Бүгін Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығында «Сайлау процесін өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері мен тәжірибесі» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өтті.

image-11-11-25-07-53

Аталған семинарға Орал қалалық аумақтық сайлау комиссия төрағасы Мұхтар Давлетжанов, орынбасары Нариман Мустиев, ҚР президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы БҚО бойынша филиалының сарапшысы Ажар Таупенова, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанболат Бақтыгереев және учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері қатысты. Алдымен Жанболат Бақтығалиұлы алғысөз айтып семинарды ашып берді. Содан соң Нариман Салауатұлы ҚР сайлау заңнамасы және енгізілген өзгерістер, ҚР сайлау жүйесі учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің және басқа да сайлау процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін атап өтті.

image-11-11-25-07-53-1
- “ҚР Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда референдум нәтижесінде қабылданды. Референдум – мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу. Жақын арада атом электр станциясын салу жөнінде референдум өткен болатын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жолдауында 2027 жылдан кейін референдум өтетінін хабарлады. Сонымен қатар учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері мүгедектігі бар азаматтардың, денсаулығына байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын немесе сол ауырып жатқан адамды бағып отырған жандардың, сондай-ақ заңбұзушылық жасап уақытша қамау изоляторында жатқан, бірақ сот үкімі заңды күшіне енбеген тұрғындарлың сайлау құқықтарын іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдайды, - деді Нариман Мустиев.

image-11-11-25-07-53-2

Одан кейін Мұхтар Серікұлы «Сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру, сайлау науқанын жоспарлау және учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің заңнама талаптарына сәйкес міндеттерін орындау тәртібі» тақырыбында учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерімен бірге интерактивті пікірталас жүргізді. Сонымен қатар учаскелік сайлау комиссиясы мүшелері топ-топқа бөлініп, «Дауыс беру күні сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру және қорытындылау.

image-11-11-25-07-53-3

Сайлау процесіне қатысушылармен тиімді коммуникация орнату, келіссөздер жүргізу, дауларды шешу және стресті басқару дағдыларын үйрету» жөніндегі кейстермен жұмыс жасап, рөлдік ойын ретінде практикалық талдау жасады. Семинардың соңында қатысушылар онлайн тестілеу тапсырды.

Райхан Хамзина,
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале