12.11.2025, 23:00
Оқылды: 52

Бенефисте – ақын бейнесі

Елдің айнасы «Сырым елі» қоғамдық саяси газетінің 95 жылдық мерейтойы аясында аудандық кітапханада, Б.Ойшыбаев залында Сырым ауданының құрметті азаматы, айтыскер-ақын, Қазақстан Жазушылар Журналистер одағының мүшесі, «Көгершін көңіл» кітабының авторы Махмет Қажиахметовтың бенефисі өтті.

IMG_6695

Биыл 70 жастың мерейлі белесіне көтерілген ақынның шығармашылығына арналған «Жыр – жүректің бұлағы» тақырыбында кеш әсерлі өткенін көрермендер айтып жатыр.
Махмет Қажиахметовтің бар айыбы «ауылда тұрғаны». Жергілікті газеттің жүгін арқалай жүріп ол жырға уақыт тапты. Өлеңдерін оқырмандар ғана емес, әдебиет өкілдері де биік бағалап, көрнекті ақын ретінде таныды. Бенефисте ақын бейнесі сұхбатпен, сырлы поэзиямен ашылды.
Аға буынға деген алғыс және құрмет сезімі Алмаз Елшібековтің «Әке – ана» әнімен бастау алған шара ақынның өмір жолы мен шығармашылық әлемін айшықтайтын бейнебаян оқырман назарына ұсынылды.

Кеш барысы жылы лебізге, ақ тілекке толы сөздермен бастау алды. Алғашқы болып сөз кезегі «Аманат» партиясының төрағасы Талғат Дарғожиевке ұсынылып, ол ақынның әдебиеттегі орны мен еңбегін айрықша атап өтті.

Кешке мекеме қызметкерлері, ұстаздар мен оқушылар, Сырым елі» газетінің ардагерлері мен қызметкерлері де қатысып, өз естеліктерімен бөлісіп, өнер мен өлең тоғысқан ерекше сәттердің куәсі болды. Оқушылар ақынның жүректен туған жырларын тебірене оқып, қатысушыларға рухани ләззат сыйлады.

IMG_6691

Шарада ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтар қойылып, оның әр жауабы терең ой мен өмірлік тәжірибеге толы болды. Сондай-ақ, кітапханашылар ақынның аудармаларын оқыды.

Кеш соңында М.Есламғалиев атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Айнұр Уәлиахмет сөз сөйлеп, ақынға алғысын білдіріп, естеліксый табыс етті. Өз кезегінде ақын Махмет Қажиахметов осындай рухани кеш ұйымдастырған кітапхана ұжымына ризашылығын жеткізді.

Шара әсерлі сәттер мен жылы ықыласқа толы көңіл күймен, Сырым лицейінің 5 сынып оқушыларының патриоттық әнімен аяқтады.

Гүлім Жантурина
кітапханашы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале