Бүгін, 17 қарашада Чапай – Жаңақала – Сайқын облыстық маңызы бар автожолдың 50-інші шақырымында Toyota Camry мен Volkswagen Sharan автокөліктері соқтығысып, бір көлік өртенді.
Оқиға салдарынан сегіз адам қаза тауып, тағы төртеуі ауруханаға жеткізілді.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Алдын ала болжам бойынша бір жүргізушінің қарсы бағытқа шығып кеткен болуы мүмкін. 
Ауа райы және жол жабындысының жағдайы қанағаттанарлық болған : көрініс жақсы, қозғалысқа сыртқы кедергілер болмаған.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері, жедел -тергеу тобы және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеуде.

Жол-көлік оқиғасының барлық жағдайлары тергеу аясында анықталатын болады.
Полиция жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, әсіресе адамдарды тасымалдау кезінде кез келген бұзушылық жол қатысушыларының өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретінін ескертеді.
БҚО Полиция Департаментінің баспасөз қызметі