19.11.2025, 14:45
Оқылды: 221

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа елдегі криминогендік ахуал, ішкі істер органдарына жүктелген міндеттердің орындалуы, соның ішінде «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыру жұмыстары жөнінде баяндалды.

5fa3d27a-6d3f-4b87-8aba-aa7678402b0b

Ержан Сәденов: 🟦

10 айда елдегі қылмыс саны 5,3 мыңға азайғанын және қылмыстың ізін суытпай ашу деңгейі жақсарғанын жеткізді.
Отбасылық-тұрмыстық деңгейдегі құқықбұзушылықтармен күрес белсенді түрде жүргізіліп жатыр.
Алдын алу жұмыстарының нәтижесінде тұрмыстық сипаттағы қылмыс саны – 8 пайыз, оның ішінде кісі өліміне әкеліп соғатын жағдайлар 26 пайыз азайды.🟦

Іздеуде жүрген 1391 адам ұсталғанын мәлімдеді.

Олардың 138-і шетелде қолға түсті;
Жедел іс-шаралар барысында 30 тоннадан астам есірткінің, соның ішінде бір тоннадан астам синтетикалық заттардың айналымға түсуіне жол берілмеді;
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл аясында ауыр және аса ауыр қылмысқа қатысы бар 185 қылмыстық топ ұсталды;
Интернет-алаяқтықпен күрес бағытында 12 колл-орталық жойылды. Оның жетеуі шетелде орналасқан. Шамамен 83 миллион фрод-қоңырау және 4 мың алаяқтықпен айналысқан сайт бұғатталды.
Сондай-ақ алаяқтардың 2,3 миллиард теңге қаражатты елден шығаруына тосқауыл қойылды.

жол қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп жатқан цифрлық шешімдерді таныстырды.

Мәселен, дрондар көмегімен 6 мыңнан астам, орташа жылдамдықты өлшеу жүйелері арқылы 190 мыңнан астам жол жүру ережесін бұзу дерегі анықталды.
Қабылданған шаралар нәтижесінде жол-көлік оқиғасы кезіндегі өлім-жітім саны 9,4 пайыз, соның ішінде мас күйінде көлік жүргізушілер кінәсінен болатын қайғылы жағдайлар 24 пайыз азайды;
Egov mobile және жетекші банктер қосымшаларына интеграцияланған «Заң және тәртіп» мобильді сервисі іске қосылғаннан бері азаматтардан 32 мыңнан астам өтініш түскен. 🟦

экстремизмге қарсы күрес пен көші-қонды бақылау шаралары жөнінде баяндады.

Президент: 📌

елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале