19.11.2025, 17:30
Оқылды: 111

«Үздік дене шынықтыру педагогі - 2025»

Жақында Орал қаласындағы №21 жалпы орта білім беретін мектебінде дене шынықтыру пәні мұғалімдері арасында облыстық «Үздік дене шынықтыру педагогі – 2025» байқауы өтті.

Үздік дене шынықтыру педагогі 2025 (4)

Оған облыстың 12 ауданынан ең үздік ұстаздар қатысып, өздерінің кәсіби шеберліктерін ортаға салды. Бөрлі ауданының намысын Ақсай қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Ақылбек Қабдулмажит абыроймен қорғады. Педагог байқаудың барлық кезеңдерінде өз кәсібіне деген сүйіспеншілігін, әдістемелік және ұйымдастырушылық қабілетін айқын көрсете білді.

Үздік дене шынықтыру педагогі 2025 (3)

«Креативті педагог» кезеңінде жаңашыл идеялар мен оқушыларды қызықтыру әдістерін қолданса, «Заманауи дене шынықтыру сабағы» кезеңінде заманауи педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, үлгілі сабақ өткізді. Ал «Үздік бұқаралық спорттық іс-шара» деп аталатын үшінші кезеңде салауатты өмір салтын насихаттайтын мазмұнды іс-шара ұйымдастырды.

Үздік дене шынықтыру педагогі 2025 (1)

Жоғары кәсібилігі мен шығармашылық ізденісінің арқасында Қабдулмажит Ақылбек Жасұланұлы байқау қорытындысы бойынша жүлделі ІІ орынды иеленді. Бұл жетістік – ұстаздың еңбегі мен жауапкершілігінің, сондай-ақ Бөрлі ауданының білім беру саласындағы табысты жұмысының айғағы.

 

Анаргүл Шамбай,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале