Орал қаласында спорттық құзға өрмелеуден облыстық жарыс өтті.

Аталған сайысқа облыс бойынша 11 команда қатысып, жас спортшылар өз шеберліктерін көрсетіп, бақ сынады. Ауданымыздың командасы жоғары дайындықтың нәтижесінде үздік көрсеткіштерге қол жеткізіп, келесі жүлделі орындарға ие болды: «Қиындық» қашықтығында 2013-2014 ж.ж қыздар арасында Әйгерім Мұхтарқызы II орынға (жетекшісі М.Хасанов ), ұлдар арасында Наби Мұхамбетов III орынға (жетекшісі О.Сарсенова ) ие болды. «Қиындық» қашықтығында 2011–2012 ж.ж қыздар арасында Айару Оразалы II орын, ұлдар арасында Ерасыл Ишанов II орын (жетекшісі А.Сапиева ). «Жылдамдық» қашықтығы 2011–2012 ж.ж ұлдар арасында Ерасыл Ишанов I орын, қыздар арасында Айару Оразалы I орынға ие болды. «Жылдамдық» қашықтығы 2015 ж. төмен ұлдар арасында Азат Опағали II орын (жетекшісі А.Сапиева ), қыздар арасында Ақнұр Оразалы III орынды иеленді (жетекшісі А.Сапиева ) «Жылдамдық» қашықтығында 2013-2014 ж.т. ұлдар арасында Наби Мұхамбетов I орынды бағындырды. Сонымен қатар, «Командалық эстафета» бойынша Бөрлі ауданының командасы жүлделі III орынға, ал жалпы командалық есепте I орынға ие болды. Бұған қоса, спорттық шыңға өрмелеуден Батыс Қазақстан облысының чемпионатында да ауданымыздың командасы үздік нәтиже көрсетіп, жалпы командалық есепте I орынды жеңіп алды.

Жас спортшылардың бұл жетістіктері – олардың табандылығы мен еңбегінің, сондай-ақ білікті жетекшілерінің кәсіби дайындығының жемісі. Команда жетекшілері – Жас туристер станциясының қосымша білім беру педагогтері Ернұр Мұрат және Карім Неталиев.
Анаргүл Шамбай
Бөрлі ауданы