Атап айтқанда, тұрғын үй көмегінің мөлшерін есептеу қызмет көрсетуші ұйыммен келесі нормалар шегінде жүргізілетіні нақты көрсетілді:
- пәтерде тұратын тұтынушылар үшін газбен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтің тұтыну нормасы — адам басына тәулігіне 15 текше метрден аспайды;
- жеке тұрғын үйлер үшін газбен жабдықтау қызметінің тұрғын үйді жылытуға арналған тұтыну нормасы — шаршы метрге 15 текше метрден аспайды (жаңадан енгізілді);
- жылумен жабдықтау қызметінің есептегіш құралдары бар тұтынушылар үшін тұтыну нормасы — айына бір шаршы метрге 0,025 гигакалориядан аспайды;
- есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметінің бір шаршы метрге арналған тұтыну нормалары — облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдіктерімен "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңның 27-бабы 34-тармағына сәйкес бекітіледі (жаңадан енгізілді).

Есептеу барысында сондай-ақ келесі нормалар ескеріледі:
- табиғи монополиялар саласын реттейтін өңірлік уәкілетті орган белгілеген электрмен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары;
- суық су — адам басына 4 текше метрден аспайды;
- ыстық су — адам басына 2 текше метрден аспайды;
- қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару (қоқыс шығару) — адам басына 650 теңгеден аспайды;
- лифттерді қызмет көрсету ақысы — пәтерге 1300 теңгеден аспайды;
- байланыс қызметтері бойынша телефонның абоненттік төлемінің өсуі — абонентке 1399 теңгеден аспайды;
- кондоминиум объектісін басқару және оның ортақ мүлкін күтіп-ұстау, соның ішінде ортақ мүлікті күрделі жөндеу шығындары — шаршы метріне 60 теңгеден аспайды;
- мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалдау ақысы — шаршы метріне 120 теңгеден аспайды;
- бір адамға шаққандағы тұрғын үйдің норма көлемі — 18 шаршы метр, бірақ нақты тұрып жатқан аумақтан аспайды; жалғыз тұратын азамат үшін — 30 шаршы метрден аспайды.
Бұйрық 2025 жылғы 2 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.