26.11.2025, 13:00
Оқылды: 61

Бөрлілік жігіттер «Жігіт сұлтаны» байқауында бақтарын сынады

Бөрлі аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, Бөрлі колледжінің қолдауымен «Елін сүйген – нағыз ер» тақырыбында қоғамдағы ер азаматтардың беделін арттыруға бағытталған дәстүрлі «Жігіт сұлтаны» байқауы өтті.

ЕЛІН СҮЙГЕН – ЕРДІҢ ІСІ (2)

Бұл шара — жігіттік өнер, парасат пен тәрбие, ерлік пен ізгіліктің тоғысқан көрінісі.

«Жігітке жеті өнер де аз» деген халық даналығы дәл осы байқаудың мәнін айқындағандай болды. Байқаудың басты мақсаты — қазақтың ұлттық дәстүрлері мен мәдениетін дәріптеу, жас ұрпақ бойында отансүйгіштік, ізгілік пен әдептілік қасиеттерін қалыптастыру, сондай-ақ жігіттердің өнерін, зердесін, тіл шеберлігін бағалау еді.

Бірнеше кезеңнен құралған сайыста қатысушылар өздерінің білімін, өнерін, шеберлігін таныта отырып, нағыз қазақ жігітіне тән қасиеттерді паш етті. «Ерді намыс өлтіреді, жігітке өрлік жарасар» демекші, әр үміткер бойындағы қайсарлық пен талантын жарқырата көрсетті.

Байқаудың қорытындысы бойынша І орынға Шерхан Азамат, ІІ орынға Әлімжан Әкімжанов , ІІІ орынға Денис Кузыченколар ие болды.  Сонымен қатар, Асқар Әділет «Сымбатты жігіт», ал Нурдаулет Сералиев «Тапқыр жігіт» аталымдарымен марапатталды.

Жеңімпаздар Жастар ресурстық орталығының арнайы сыйлықтары және дипломдарымен марапатталды.

Шара қатысушылары мен көрермендер үшін рухани тәрбие, ұлттық құндылықтар және ер азаматтарға деген құрметті дәріптеген ерекше кеш болды. Осындай мазмұнды шаралар жастардың тұлғалық дамуына, мәдени санасының артуына және ұлттық рухтың биіктеуіне үлкен үлес қосатыны сөзсіз.

 

Айжарық Нұр

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале