Орал спорт клубында өңірдің үздік аяқдопшылары бас қосып, микро футзалдан «Oral cup» турнирінің жүлдесін сарапқа салды.

Облыста алғаш рет ұйымдастырылған ерекше турнир қатысушылары көрерменге тамаша көңіл-күй, ұмытылмас эмоция сыйлады.
Дәлдік пен шапшаңдықты шыңдайтын жарыс тартысты өтті.
Қорытындысында үшінші орын «Орал» СК, екінші орын «Бостандық» командасына бұйырса, бірінші орынды «Петро Юнит» жеңіп алды.

Сонымен қатар үздік ойын өрнегімен көзге түскен Мирам Сапанов «Үздік қорғаушы», Нұрқанат Досжанов «Үздік сұрмерген» атанса, жарыстың «Үздік ойыншысы» атағын Қанат Мәліков қанжығалады.

«Орал» спорт клубының директоры Орынбасар Ғилымов аталмыш жарысты ұйымдастырудағы басты мақсат өңір аяқдопшыларының өзара ынтымағын нығайту екенін айтты.

- Мұндай жарыс облыста алғаш рет ұйымдастырылғанымен, біздің кей футболшылар үшін таңсық емес. Өйткені бұған дейін өңір аяқдопшылары Ресейде өткен жарыста өздерін сынап көрді. Болашақта аталмыш жарыстың аясын кеңейткіміз келеді, - деді Орынбасар Ғилымұлы.
Түгелбай Бисен
Орал өңірі