20.01.2017, 17:34
Оқылды: 63

Аудан әкімі дәрігерлердің ауылдарға жиі баруын тапсырды

Sirim akim esep  Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбеков Бұлан ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

  Жиналысқа қатысушылар әуелі Бұлан ауылдық округінің әкімі Тарас Ихсановтың жұмыс қорытындысы жайлы есептік хабарламасын тыңдады.


  Аудан әкімі Абат Шыныбеков баяндамасында ауданда былтырғы жылмен салыстырғанда экономикалық өсім де, салалық ілгерілеу де барын айтты. Кейбір игі жұмыстар бір ізге түскен.

  Ел болғасын мәселе болады. Ауыл тұрғыны Жұмазия Жанғожиева ауданның медициналық қызмет жүйесіндегі жайсыздықтар жайлы мәселені көтерді. Жұмазия Жанғожиева аудандық орталық ауруханадағы кезек мәселесіне мазасы қашқан, не болмаса дәрігерлердің қабылдауына уақтылы кіре алмаған бірінші тұрғын емес. Бұл мәселе ауылдық жерлерде өте жиі көтеріледі. Мәселеге араласқан аудан әкімі Абат Шыныбеков аудан орталығындағы білікті дәрігерлердің округ орталықтарында жиі болуын тапсырды. Бұл ауылдағы ағайын үшін өте тиімді болады.

  Осы сияқты Бұлан ауылдық округінің тұрғындары ауылдың 2 шақырымдық кіреберіс жолын жөндеу, ауыз судың сапасын қадағалауда ұстау сияқты мәселелерді айтты. Округке қарасты Жамбыл ауылының тұрғындары коммуналдық үйді көгілдір отынға қосу, жөндеуден өткізу жайлы жазбаша өтініш түсірген. Соңғы сауал бойынша аудандық  тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мейрам Қайырғалиев жауап берді.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале