1.12.2025, 15:59
Оқылды: 21

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасы талқыланды

"Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жанындағы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті", - деп хабарлайды Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.

WhatsApp Image 2025-12-01 at 11.05.52

Жиынға жұмыс тобының мүшелері, Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы және аудандар мен Орал қаласы әкімдері аппараттарының басшылары онлайн форматта қатысты.

Жұмыс тобының отырыстары мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы, қолжетімділікті және ашықтығын арттыру мақсатында  тұрақты түрде өткізіледі.

Күн тәртібіне сәйкес, денсаулық сақтау, электрондық цифрлық қолтаңбаны заңсыз қолдану, күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі проблемалық мәселелері тыңдалды.

Отырыста мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібінің сақталуы және ақпараттық жүйелерді оңтайландыру мәселелері талқыланды.

Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар беріліп, келесі отырысқа дейін олардың орындалуы қадағаланады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале