Облыс әкімі Алтай Көлгіновтің төрағалығымен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Smart City» жобасы аясында облыс орталығына бейнебақылау қондырғыларын орнату жөнінде жиын өтті.
Облыс прокуроры, қала әкімі, ІІБ басшысы мен өкілдері қатысқан жиында бұған дейін Астана қаласында қондырғылар орнатқан «Сергек» компаниясының ақпараттық, техникалық әлеуеті талқыланды.
«Ақылды қала» жобасының нәтижелі жүзеге асуы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ықпалын тигізіп келеді. Алдағы уақытта облыс орталығына тағы 300 бейнекамера орнатылу көзделіп отыр. Оның жартысынан көбін мемлекет және жеке кәсіпкерлік серіктестігі принципімен «Сергек» компаниясы ұсынуға әзір екенін жеткізді.
Айта кетейік, аталған компания өткен жылы облыс орталығындағы Шолохов көшесіне орнатқан болатын.
Бұл бағыттағы жұмыстар жол көлік оқиғаларының алдын алып, қылмысты ашуға септігін тигізбек. Бұл өз кезегінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.