Қазақстан құрамасы семсерлесуден Ванкуверде (Канада) өтетін Әлем кубогінің кезеңіне қатысады. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.

Фото: t.me/olympickz
Семсер қаруымен айқасудан әйелдер арасында өтетін жарыста София Николайчук ел намысын қорғайды.
Ерлер арасында медаль мен рейтингтік ұпай үшін Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, Эльмир Әлімжанов, Никита Жулинский, Кирилл Проходов, Кирилл Павлов, Алексей Касаткин және Александр Федотов бақ сынайды.
Әлем кубогінің кезеңі 4-6 желтоқсан аралығында өтеді.