WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кубалық Эрисланди Лараға қарсы жекпе-жегінің алдында допинг дауына ілінді. Бұған қатысты спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Фото: Жәнібек Әлімханұлы instagram парақшасынан
Жәнібек Әлімханұлы бұл өзі үшін де күтпеген жаңалық болғанын мәлімдеді.
"Мен әрқашан таза спортты қолдаймын. Мұны жақсы білесіздер. Мен таза спортты насихаттап жүргенімді де білесіздер. Жаңалықты оқып таң қалып отырмын. VADA бірінші рет анализ алып бәрі таза деп еді. Мен витаминдеріме де тамағыма да ешқандай өзгеріс енгізбедім. Екінші рет тестте неге мұндай болғанын түсінбей отырмын, біз қайта анализ тапсыруға өтініш айттық. Жауабын күтіп отырмыз!" - деп жазды боксшы Instagram-дағы пар.ақшасында