3.12.2025, 10:45
Оқылды: 30

"00:00-ден кейін рұқсат етілген жылдамдық 66 км/сағ": ІІМ желіде тараған хабарламаға жауап берді

Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желіде рұқсат етілген жылдамдыққа қатысты таралып жатқан хабарламаның жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

колик2

"00:00-ден кейін рұқсат етілген жылдамдық 66 км/сағ болатыны" жөнінде таралып жатқан хабарлама фейк. Мұндай өзгерістер енгізілген жоқ.

Елді мекендерде жеңіл автокөліктер үшін рұқсат етілген стандартты жылдамдық – 60 км/сағат", - делінген ресми хабарламада.

Ведомство камералар жылдамдықты 70 км/сағ және одан жоғары болған кезде ғана тіркей бастайтынын еске салды.

"Тексерілмеген хабарламаларға сенбеңіздер, ресми ақпаратқа жүгініңіздер. Жол жүрісі қағидаларын сақтап, мұқият болыңыздар!" - деп ескертті ІІМ өкілдері.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале