3.12.2025, 23:10
Оқылды: 19

Шыңғырлауда үш ауылдық округ тұрғындарымен кездесу өтті

Алмаз ауылдық округінде Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының басшысы Азамат Бисембаев тұрғындармен кездесу өткізді. Жиында ауылдық округ әкімі Самат Бахтыгереев округ бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

image-03-12-25-10-34-9

Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, жол, инфрақұрылым, абаттандыру және әлеуметтік салаға қатысты сұрақтарын қойды. Барлық ұсыныстар мен өтініштер назарға алынып, заң аясында шешу жолдары түсіндірілді.

image-03-12-25-10-34-3

Аудан басшылығы мұндай кездесулердің халықпен кері байланысты нығайтудағы маңызы зор екенін атап өтті.

image-03-12-25-10-34-8

Ақшат ауылы

Бүгін аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев Ақшат ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Алғашқы болып округ әкімі Ерлан Айшуаков атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, алдағы жоспарларын таныстырды.

image-03-12-25-10-38-2

Биылғы жылы бірқатар маңызды мәселелер оң шешімін тапты:
Шыңғырлау–Ақшат–Сегізсай жолы күрделі жөндеуден өтті;

Ауыл аумағында ағаш көшеттері отырғызылды;

Округ бойынша 4500 тонна көң-қоқыс шығарылды.

image-03-12-25-10-38-1

Кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасып, тұрғындар көшелерді жөндеу, жеңілдетілген несие алу, ауыл жастарының белсенділігі сияқты өзекті мәселелерді көтерді.

Аудан әкімі барлық ұсыныстар арнайы іс-шаралар жоспарына енгізіліп, кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.

Қарағаш ауылы

Аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев Қарағаш ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

image-03-12-25-10-43-7
Алғашқы болып округ әкімі Мирхан Жумиев атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, алдағы жоспарларын таныстырды.

Биыл бірқатар маңызды жобалар жүзеге асуда: Қарағаш ауылына кіре-беріс көпірге жөндеу жұмыстары жүргізілді;
Ветеринариялық пункттің құрылысы қолға алынды;
Ауылда тұрғын үй құрылысы жүзеге асырылуда.

image-03-12-25-10-43-6

Кездесу сұрақ-жауап форматында өтіп, тұрғындар пошта қызметкерінің қажеттілігі, Сарқырама маңын ретке келтіру сияқты өзекті мәселелерді көтерді.

image-03-12-25-10-43

Аудан әкімі барлық ұсыныстар іс-шаралар жоспарына енгізіліп, кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.
Кездесуден кейін тұрғындар жеке қабылдауда болды.

Нұрғали Төлегенов,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале