8.12.2025, 14:45
Оқылды: 49

Батыс Қазақстан облысының экономикасы тұрақты өсім көрсетті - өңір әкімі

Жалпы өңір экономикасы тұрақты даму динамикасын сақтап келеді. Инвестициялар көлемі артып, шағын және орта бизнеске қолдау күшейтілді. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларында жаңа жобалар іске асырылып жатыр. Бұл туралы БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ОКҚ алаңында хабарлады. Оның айтуынша, биыл экономиканың өсу қарқыны сақталуда.

5312275736976624417
«Атап айтқанда, құрылыс саласындағы жұмыстар көлемі 9%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 4,1%-ға артып, негізгі капиталға салынған инвестициялар 1,2%-ға өсті. Ішкі сауда көлемі 0,7%-ға, көлік қызметтері 1,2%-ға, байланыс қызметтері 6,2%-ға, өнеркәсіп 3,6%-ға, ал ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 6,4%-ға артты. Облыс бюджеті 33,5% ұлғайып, 475 млрд теңгеден 634 млрд теңгеге жетті, - деді спикер өткен баспасөз конференциясында.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале