8.12.2025, 15:10
Оқылды: 62

«Қаладан ауылға» жобасы: 195 отбасы ауылға көшті

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің айтуынша, былтыр іске қосылған «Қаладан ауылға» жобасы қысқа мерзім ішінде ауыл тұрғындары мен қоныс аударушылар тарапынан кең қолдау тапты. Жоба аясында қала аймақтарынан 195 отбасы, яғни мыңға жуық тұрғын, оның ішінде 600-ге жуық бала ауылдарға көшіп келген.

5312275736976624448

«Қоныс аударған отбасылардың барлығы да баспанамен қамтамасыз етілді. Ауыл халқының санын тұрақтандыруға және экономикалық белсенділікті арттыруға бағытталған бағдарламаның нақты нәтижелері көріне бастады. Қоныс аударған азаматтардың 216-сы тұрақты жұмысқа орналасып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуда. Олардың арасында дәрігерлер, мұғалімдер, өзге де қажетті салалардың мамандары, сонымен қатар «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы өз кәсібін ашқан азаматтар да бар», - деді өңір әкімі ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Аталған шаралардың арқасында ауылдардағы кадр тапшылығы мәселесі шешімін тауып, жабылайын деп тұрған бірнеше мектеп өз жұмысын жалғастыру мүмкіндігіне ие болды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале