12.12.2025, 17:50
Оқылды: 368

БҚО-да «Жыл үздігі – 2025» жастар сыйлығы иегерлері анықталды

Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының дарынды, белсенді және ізденімпаз жастарына арналған «Жыл үздігі – 2025» облыстық сыйлығы салтанатты түрде табысталды. Жастар саясатын дамытуға бағытталған бұл дәстүрлі шара биыл да ерекше форматта өтіп, түрлі салада көзге түскен жас азаматтар марапат төрінен көрінді. Сонымен қатар «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері, «Жайық жастары» тұрғын үй бағдарламасы бойынша баспаналы болған жас отбасылар да көпшілікке таныстырылды.

a4e3c3a4-f848-4cb9-9914-1fe1ff900151+

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев:
«Құрметті жастар мен қонақтар! «Жыл үздігі – 2025» премиясы өңіріміздің ең белсенді, талантты жастарын марапаттайтын шара. Жеңімпаздардың бастамалары — облыс дамуына қосылған шынайы үлес. Бұл шара — бір жылдың қорытындысы ғана емес, жаңа жоспарлардың бастауы. Алдағы жылы да тың жобалар мен жетістіктер күтеміз. Еліміз аман, еңбегіміз берекелі болсын», — деді.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері

Игі бастама аясында түрлі бағыттағы инновациялық және әлеуметтік маңызы бар жобалар қолдау тапты. Биыл грантқа ие болған жастар арасында:

Медиа саласы – Айтболатов Нұрхат Тимурұлы. Ол еңбек адамының өмірі мен еңбегін насихаттайтын ерекше контент жобасын ұсынып, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Мәдениет саласы – Тажкуранов Мейірбек Ерланұлы. Жас зерттеуші «Батыс Қазақстанның көне мұралары – ұлт жадындағы із» жобасы арқылы өңір тарихын жаңаша ұсынуды көздейді.

Ақпараттық технологиялар – Калешев Ерген Науырызбайұлы. ЖОО студенттеріне арналған жасанды интеллектке негізделген жеке цифрлық тәлімгер жобасы инновациялық бағыттағы үздік жұмыс ретінде танылды.

Ғылым – Серік Бекарыс Ғаниұлы. Ол төрт түлік малды асылдандыруға арналған жаңа технология ұсынды.

Бизнес – Исламғали Әсел Сабырғалиқызы. «Zerek bala» дамытушы ойыншықтар мен оңалту құралдары орталығы әлеуметтік-кәсіпкерлік бағыттағы үздік бастама ретінде қолдау тапты.

«Жайық жастары» бағдарламасымен баспаналы болғандар

Өңір жастарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған тұрғын үй бағдарламасы арқылы биыл да бірқатар жас маман баспаналы болып, қуанышқа кенелді. Олардың қатарында:

Елеуов Ескендір Сүлейменұлы – спорт саласының жас маманы;

Рахымғалиев Самат Сәлімжанұлы – жастар саясаты саласында қызмет етеді;

Темірболатова Фариза – білім саласының өкілі;

Алдешова Альмира Сагидулловна – денсаулық сақтау саласының қызметкері;

Айтқұлов Аян Ерболатұлы – жастар саясаты бағытында еңбек етуде.

Жыл үздіктері анықталды

Жыл бойы еңбегімен, талантымен, жетістігімен көзге түскен жас азаматтар бірнеше номинация бойынша марапатталды.

Үздік жас ақын: Жұмабай Арнұр Нұрланұлы

Үздік студент: Ғазиз Нұрсәт Жұмекенұлы

Үздік жас ғалым: Мұханбетова Жангүлім Өтепбергенқызы

Үздік жас талант: Қатшаев Құралбек Ильясұлы

Үздік жас кәсіпкер: Құресов Алтынбек Қадырболатұлы

Үздік ауыл патриоты: Джалдыгулов Сырым Азаматұлы

Үздік жастар ұжымы: «Ғасыр жастары» театры

Үздік жұмысшы маман: Мырзабеков Нұрлыбек

Үздік медиа маман: Кінамаев Ернұр

Жастардың жетістігін дәріптеген кеш қатысушыларға шабыт сыйлап, өңірдің талантты буынының әлеуетін тағы бір айқындады. «Жыл үздігі – 2025» сыйлығы жас буынды қолдауға бағытталған игілікті бастамалардың бірі ретінде өзінің маңызын дәлелдеді.

Бекзат Қанәділ,

"Жайық Пресс"

Фото: Мейірбек Тәжқұранов,

"Жайық Пресс" 

0e468bcf-2bf0-4dd2-8c95-65bfac0f07c5 ++

910ef40d-efc2-4129-8d75-4c26673d0c7d

988ee11f-816e-42eb-969b-0fd6bbc02b29

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале