26.01.2017, 13:10
Оқылды: 57

Ауыл әкімінің ұлын өлтірген тұрғын сотталды

sot  БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Хамит Абдуллин ҚР ҚК 99-бабы 1-бөліміне сәйкес айыпты деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтеуге сотталды.


  Аталмыш соттың төрағасы Қайрат Шалқаров қараған іс барысында белгілі болғанындай, Х.Абдуллин Зеленов ауданы Краснов ауылдық округі әкімінің ұлы Анатолий Шаталовпен бір сыныпта оқыған. Сол күні екеуі Шаталовтың үйінде арақ ішкен. Соның барысында сөзге келіп, соңы төбелеске ұласқан. Ақыры Абдуллин сыныптасын тұншықтырып өлтірген.

  Сот үкіміне сәйкес, Х.Абдуллинді маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу тағайындалды. Сонымен қатар ол жәбірленуші тарапқа 2 млн. теңге көлемінде моральдық залалды төлеуі тиіс. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

  Еске сала кетейік, 1993 жылғы марқұмның мүрдесі Зеленов ауданы Погодаев ауылындағы өз үйінде өткен жылғы 6 қараша күні табылған болатын. Кейін жедел іздестіру шаралары барысында 1993 жылғы күдікті де ұсталған еді.

Елжан Ералы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале