Кейінгі үш жылда облыстың өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 291 млрд теңгеден 336 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Цифрлық технологияларды қолданатын кәсіпорындардың үлесі 15,4%-дан 18,5%-ға дейін артты.
2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 303,5 млрд теңгені құрады (2025 жылға жоспар – 345 млрд теңге). Жоспарлы өсім 3,5% болған жағдайда, нақты өсім 16,9%-ды құрады.
Аталған салада барлығы 593 кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде 10 ірі, 17 орта және 566 шағын кәсіпорын бар. Жұмыскерлер саны 21,3 мың адамды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,3%-ға өсті.
2025 жылдың қаңтар-тамыз айларында өңдеу өнеркәсібіндегі экспорт көлемі 197,5 млн АҚШ долларын құрап, 29,3%-ға артты.
Өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялар 2,2 есе өсіп, 14 млрд теңгені құрады.
2025 жылға жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу және өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында биыл жалпы құны 9,4 млрд теңге болатын төрт жобаны (қоспалы өнімдер өндіретін зауыт салу, құрғақ қоспалар өндірісі, химиялық өнімдер (антифриз, ұнтақ, сабын және т.б.) шығару, алюминий сымдарын өндіру) іске қосу жоспарлануда.
Қолданыстағы кәсіпорындар базасында өндірісті жаңғырту және өнім ассортиментін кеңейту көзделген.
«QazExpoPipe» ЖШС базасында қаптамалық және сорапты-компрессорлық муфталар өндіру жобасы іске асырылуда.
«Батыс мұнай газ жабдықтары» ЖШС-нда су мен газға арналған шарлы крандар шығаратын цех іске қосылды. Сондай-ақ кәсіпорын базасында кадр даярлауға арналған оқу орталығы ашылды.
«Орал сауда-өнеркәсіптік компаниясы» ЖШС диаметрі 1600 мм болатын, газ, су және кәріз құбырларына арналған үш қабатты құбырлар өндіруге арналған жабдықтарды жеткізу күтілуде.
«Стеклосервис» ЖШС базасында сандық бағдарламалық басқару жүйесі бар ADVANCE 526 әмбебап тік өңдеу орталығы, сондай-ақ Master One үлгісіндегі шыны өңдеуге арналған СББ орталығы іске қосылды.
2024 жылы іске қосылған жобалардың толық қуат өндіріс көлемінің өсуіне резерв болып табылады. Атап айтқанда, жылына 20 млн дана кірпіш шығаратын зауыт («Westgroup» ЖШС), 53 мың мұнай-газ жабдығын өндіретін зауыт («КаспиМунайКапитал» ЖШС), 10 млн литр минералды су өндіретін цех («BATYSMINIRALSU» ЖШС) және сүт өңдеу зауытын кеңейту («Орал сүт комбинаты» ЖШС) жобасы.
2026-2030 жылдары жалпы құны 4,4 трлн теңгені құрайтын 73 жобаны іске асыру жоспарланып отыр, соның нәтижесінде 10 000 жаңа жұмыс орны ашылады.
Кәсіпорындардың жүктемесін қамтамасыз ету мақсатында және көптеген компаниялардың мұнай компанияларының қажеттіліктері үшін тұрақты негізде өнім жеткізуге бағытталғанын ескере отырып, ірі жер қойнауын пайдаланушылармен тұрақты кездесулер өткізіліп келеді.
Атырау қаласында өткен машина жасау форумында облыс делегациясы NCOC компаниясымен кездесіп, облыс тауар өндірушілерінің қатысуымен «Уральскагрореммаш» АҚ-мен екі арнайы автотехника жеткізу жөнінде келісімшарт жасалды. Алдағы уақытта тағы алтауын сатып алу жоспарлануда.
2025 жылдың сәуір айында ҚПО б.в. компаниясының қатысуымен өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының форумы мен көрмесі өткізіліп, оның қорытындысы бойынша «Оралагрореммаш» АҚ-мен сынақтан өткізу үшін бір өрт сөндіру техникасын жеткізу жөнінде келісімшарт жасалды, сондай-ақ «ВестОйл» ЖШС-мен мұнай мен газдың сапасы мен көлемін бақылау жүйелерін жеткізу жөнінде келісімге қол қойылды.
Биыл облысқа «Kalamkas – Khazar Operating b.v.», «KMG Engineering», «North Caspian Operating Company», IMB машина жасау орталығы өкілдері келді. «North Caspian Operating Company» компаниясы «Функе Қазақстан» ЖШС өндірген жылу алмастырғыштарға, «ВестОйл» ЖШС шығарған бақылау жүйелеріне және «Оралагрореммаш» АҚ өндірген арнайы автотехникаға қызығушылық танытты.
«Kalamkas – Khazar Operating b.v.» компаниясы «Водэкофильтр» ЖШС өндірген су тазарту және тазалау құрылғыларын сатып алуға ниет білдірді.
24-25 сәуір күндері Астана қаласында өткен Қазақстан машина жасаушылары форумында «Интергаз Орталық Азия» АҚ мен «ЗКМК» АҚ арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
zhaikpress.kz