18.12.2025, 16:00
Оқылды: 15

Бораннан кейінгі жанашырлық 

Күні кешегі қатты боран салдарынан бірқатар ауыл тұрғындарының аулалары мен үйлерін қалың қар басып қалды. Осындай қиын сәтте Казталов ауылының тұрғыны, медицина саласының зейнеткері Әлия Жанабаева ауыл әкімдігіне хабарласып, көмек сұраған.
IMG-20251218-WA0022

Өтініш аяқсыз қалмай, ауыл әкімдігі жедел түрде қолдау көрсетіп, тұрғынның үйінің айналасын қардан тазалауға көмектесті. Бұл іске ауыл әкімі Ернар Ғалымовтың бастамасымен мемлекеттік қызметшілер Жангүлiм Сақтаған, Мейрамбек Малаев, Қайсар Сатыбалдиев, Манат Қуандықов, Ерқанат Қазиолла өздері белсенді түрде атсалысты.

Зейнеткер тұрғын көрсетілген қамқорлық пен жанашырлыққа ризашылығын білдіріп, қиын кезде көмек қолын созған азаматтарға алғысын жеткізді. Ауыл азаматтары зейнеткердің үйінің айналасында тау болып үйілген қарды тазалап, малдың шөбіне дейін жұлып берген. Анамыз көмекке дән риза болып, ақ батасын берген.

Осындай игі істер — ауылдағы ауызбіршіліктің, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің айқын көрінісі деп білеміз!

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале