23.12.2025, 9:30
Оқылды: 84

Қазақстанда «Мейірімді Қазақстан» акциясы басталды: ел бойынша 10 күн бойы игі істер атқарылады

Қазақстанда «Мейірімді Қазақстан» әлеуметтік акциясы бастау алды. Бұл бастама өзара қолдау мәдениетін нығайтуға, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға және жастарды игі істерге тартуға бағытталған. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жазды.

 

5352902382385305119
Акция аясында еліміздің өңірлерінде жастар ұйымдары мен еріктілердің қатысуымен қайырымдылық және волонтерлік іс-шаралар кешені өткізіледі.✔️
Акцияның он күні жеке-жеке тақырыптарға арналмақ. Атап айтқанда, жалғызбасты зейнеткерлерге көмек көрсету, қарттар мен балалар үйлерін қолдау, медициналық мекемелерде донорлық акциялар өткізу, аз қамтылған отбасыларға атаулы көмек көрсету, сондай-ақ коммуналдық қызмет қызметкерлерін қолдауға бағытталған қоғамдық бастамалар жүзеге асырылады.
Бастама Шығыс Қазақстан облысындағы Жастар ресурстық орталығының алаңында басталды. Акция еліміздің барлық өңірлерін қамтиды.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале