24.12.2025, 10:45
Оқылды: 178

 Асылан Тілеген Президенттің арнаулы әдеби сыйлықтың иегері

Жаңақала ауданына қарасты Жаңажол ауылының тумасы, ақын, «Ұлан» республикалық балалар мен жасөспірімдер газеті бас редакторының орынбасары Асылан Біржанұлы Тілеген Мемлекет басшысының «2025 жылы қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты беру туралы» Жарлығына сәйкес марапатталды.
WhatsApp Image 2025-12-24 at 11.42.17
Жерлесіміз «Балалар әдебиеті» номинациясы бойынша «Жазда атамның ауылында…» атты өлеңдер жинағы үшін аталмыш сыйлыққа ие болды.
Бұл марапат – Асылан Тілегеннің балалар әдебиетін дамыту жолындағы еңбегіне берілген жоғары баға. Сонымен қатар бұл жетістік Жаңақала ауданы мен Жаңажол ауылының рухани өміріндегі айтулы оқиға болып отыр.
Сыйлыхан Талапұлы,
Жаңақала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале