25.12.2025, 18:00
Оқылды: 5

Ақжайықтық спортшылар жүлдесін балаларға тарту етті

Оқырманның есінде болар, осыдан бірер апта бұрын ауданымыздың мемлекеттік қызметшілерінен құралған команданың волейболдан облыс әкімінің кубогын жеңіп алғанын айтып, сүйіншілеп ақпарат таратқан едік. Бүгін жеңімпаз командадан тағы бір игі хабар келді. Команда мүшелері өзара ақылдасып, кубокты жеңіп алғаны үшін берілген жүлдені сауапты іске арнауға келісіпті.

02c169e1-7c75-4271-bff0-576e50f4b16f (1)

Дәлірек айтсақ, олар осы қаражатты мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңажылдық сый ретінде тарту етпекші. «Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» деген, жарқын мерекенің қарсаңында ұл-қызға қуаныш сыйлаған жігіттердің бұл ісіне «Бәрекелді» дейміз.

Айта кетейік, мемлекеттік қызметшілер арасында волейболдан биыл өткен 11 жарыста аудан командасы алты мәрте жеңімпаз атанды. Екі мәрте екінші орынды жеңіп алып, жеңіс тұғырының үшінші сатысына үш ойынның қорытындысында көтерілген.

 

Әлия Шарапиева, 

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале