«Ақжол» халықтық демократиялық партиясының жүлдесі үшін мемлекеттік және бюджеттік мекеме, кәсіпорын командалары арасында аудандық спартакиада өтті. Аудан тұрғындары, жастары арасында салауатты өмір салтын насихаттап, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған спартакиадаға 13 команда қатысты. Олардың қатарында Қарасу мектеп балабақша кешені, Жарсуат ЖОББМ, Пугачев мектеп-балабақша кешені, №1 Бөрлі ЖОББМ, Бөрлі ЖОББМ, №1,3,4,6,7,8 ЖОББМ, Бөрлі ауданының әкімдігі, Ақсай спорт кешені командалары бар.

Аталған спартакиадаға қатысушылардан бөлек аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоқжанов, БҚО «Ақжол» халықтық демократиялық партиясының мүшесі, Орал қаласы маслихатының депутаты Юри Казанин, аудандық маслихат төрағасы Қайрат Ермекбаев, Бөрлі ауданы бойынша «Ақжол» халықтық демократиялық партиясының мүшесі, аудан маслихатының депутаттары Бақытжан Ғаділшиев, Серік Дүйсенов, Алма Елеусінова қатысты.
Жарыс алдымен мемлекеттік гимнді орындаумен басталып, артынша жоғарыда аталған қонақтар сөз алды.
«Ақжол» халықтық демографиялық партиясының жүлдесі үшін мемлекеттік және бюджеттік мекеме, кәсіпорын командалары арасында аудандық спартакиада осымен 3 рет өткізіліп жатыр. Салауатты өмір салтын ұстануда спорттың алар орыны ерекше. Сол себепті де спортты қолдап, жылда осылай спартакиада ұйымдастыруды жөн санадық. Жеңімпаздар үшін 100,150,200 мың көлемінде жүлдеқорымыз бар. Тартысты да қызықты ойын болады деп ойлаймын, - деді өз сөзінде «Ақжол» партиясының мүшесі, аудан маслихатының депутаты Серік Чапайұлы.
Спорт түрлері әртүрлі секцияларда өтті. Волейбол, теннис, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық тб спорт түрлерінен қатысушылар өзара бақ сынасты.
«Ақжол» партиясының бұл аталмыш спартакиадасына осымен 2 рет қатысып отырмын. Спорт сүйер жандарға керемет мүмкіндік, бір жағынан демалыс. Бес асық бойынша бақ сынап жатырмын, - деді өзін Пугачев мектеп - балабақша кешені командасының мүшесімін деп таныстырған Ақжамал Асылбекқызы.
Тартысты өткен спартакиада қортындысы бойынша Бес асықтан:
1 орынды Римма Бекмұхамбетова (№6 мектеп-лицейі) 2 орынды Наталья Зотова (№4 ЖОББМ), 3 орынды - Гүлжас Көбенқұлова (3 ЖОББМ) иемденсе, ерлер арасындағы «Асық атудан» - Нұрбек Аймурзиев 1орын- (№6 мектеп-лицейі), Райымбек Қанатов- 2 орын (Қарасу МББК), 3 орынды Қайрат Ибрашев (Бөрлі ауданының әкімдігі) алды. Ал үстел тенисінен-
“Ақсай” спорт кешені 1 орынды, Бөрлі ауданының әкімдігі командасы- 2 орынды, №3 ЖОББМ командасы 3 орынды місе тұтты. Волейболға келер болсақ -
1 орын- №4 ЖОББМ, 2 орын- Бөрлі №1 ЖОББМ, 3 орын- №6 мектеп- лицейі командаларына бұйырса, арқан тартудан Бөрлі ауданының әкімдігі 1 орынды
“Ақсай” спорт кешені 2 орынды, Бөрлі №1 ЖОББМ командасы 3 орынды қанжығалады.
Жарыс қортындысы бойынша жалпы командалық есепте:
1 орын- Ақсай қаласының № 6 мектеп- лицейіне, (78 ұпай), 2 орын- Бөрлі ауданының әкімдігі командасына (78 ұпай), 3 орын- Ақсай қаласының №4 ЖОББМ (69 ұпай) командалары жеңіс тұғырынан көрінді.
Жүлделі орын алған барлық қатысушылар Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі мен “Ақсай” мәдени-бұқаралық, ұлттық ат спорт кешенінің диплом, медальдары және БҚО “Ақжол” халықтық демократиялық партиясынан ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.
Сәнім Меңдібай,
Бөрлі ауданы