Бүгін әлеуметтік желіде қаладағы №37 мектептің оқушылары арасында төбелес болған деген ақпарат тарады.

Желіде тараған ақпаратта балалар суық қару қолданған дегенде нұсқа айтылады.
Полиция ақпаратты растады. Бірақ ешкім суық қару қолданбады, деді тәртіп сақшылары.
Белгілі болғанындай №37 мектепте жоғары сынып оқушыларына арналған жаңа жылдық би кеші өткен.
Би кешінде жоғары сыныптың балалары арасында келіспеушілік болған.
- 25 желтоқсан күні би кешіне жиналған 9 және 10-сынып оқушылары арасында кикілжің орын алды. Оқиғаға байланысты дереу мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері, мектеп инспекторы және оқушылардың ата-аналары шақырылды. Тексеру барысында кикілжіңнің вальс биіне байланысты туындағаны анықталды. Кикілжің кезінде бір оқушының қол сағаты екінші оқушының қолын сырып кетіп, жеңіл жарақаттаған - деді БҚО Полиция департаментінің ресми өкілі Нұржан Қуанғали.
Балалардың ешқайсысының ата-анасы полицияға талап-арыз бермеген.
Жанат Көшкінбай,