Батыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Жалын–2025» жыл үздік спортшыларын марапаттау рәсімі аудан спорты үшін зор мерейлі сәтке айналды. Аталған салтанатты шарада Казталов ауданының білікті де тәжірибелі бапкерлері жоғары марапаттарға ие болып, еңбектерінің лайықты бағасын алды.

Атап айтқанда, Казталов аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жеңіл атлетика тобының жаттықтырушысы Баубек Меңдіғалиұлы Ильясов «Жыл жаңалығы – 2025» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Ол жас спортшыларды дайындаудағы тың тәсілдері мен жоғары нәтижелері үшін марапатталып, 400 000 теңге көлеміндегі сертификатқа ие болды.

Сондай-ақ, Казталов аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдо тобының жаттықтырушысы Жеңіс Стамғазиев «Ауыл бапкері – 2025» номинациясымен марапатталды. Ауыл спортын дамытуға қосқан үлесі, жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттаудағы табанды еңбегі үшін оған 500 000 теңге көлеміндегі сертификат табысталды.
Бұл марапаттар — аудан спортының жүйелі дамуы мен бапкерлер еңбегінің нәтижесі. Жас буынды тәрбиелеуде аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздардың жетістігі өзгелерге үлгі болып, спорт саласындағы тың серпінге жол ашары сөзсіз.
Нұр Рахман
Казталов ауданы