29.12.2025, 12:00
Оқылды: 288

Орал: Полиция іздестіруде болған кәмелетке толмаған баланы тапты

Баланы орталық базар маңынан учаскелік полицейлер тапқан.

WhatsApp Image 2025-12-29 at 10.49.44

Бала аман-сау, ата-анасына табысталды, деді БҚО ПД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, кеше яғни 28 желтоқсан,  таңғы 9-да үйінен шығып кеткен 13 жасар ер баланың ата-анасы баласын таба алмай жатқанын айтып полицияға хабар берген.

Полиция, төтеншеліктер және еріктілер түні бойы баланы іздеген болатын.

Іздеу нәтижесінде бала тек бүгін 11:40 шамасында орталық базар аумағынан табылып отыр.

- Баланың ақыл-есі дұрыс, отбасы ешқандай есепте тұрмайды,  деді полиция.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале