30.12.2025, 21:00
Оқылды: 73

Ұландықтар ҰОС ардагерін Жаңа жылмен құттықтады

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы Ұлы Отан соғысының ардагері, ғасыр белесін еңсерген қарт майдангер Венамин Пантелеевич Скаленконың шаңырағына арнайы барып, оны Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

a61490d1-5f7a-4d26-96a7-8621911ea599

Ардагердің үйіне келген офицерлер мен әскери қызметшілер соғыс жылдарындағы ерлік жолын еске алып, майдангердің ел үшін төккен теріне, сіңірген еңбегіне ыстық ықыластарын білдірді. Шара барысында әскери оркестр патриоттық әуендер шырқап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

30efae6e-0990-4206-91b0-af723a78c7e3

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының басшысы атынан ардагерге Алғысхат табысталып, мерекелік сый-сияпат ұсынылды.

Жүз жасқа келсе де, елдің амандығы мен Ұлттық ұлан жауынгерлерінің қызметіне тілекші екенін жеткізген Венамин Пантелеевич жүрекжарды алғысын білдірді.

3db1ad96-8d53-44d4-86c4-624e1e6e798a

Бұл игі шара ардагерлерге құрмет көрсету, қоғам назарын қарияларды ардақтаудың маңыздылығына аудару және патриоттық тәрбиені нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

0b0280db-e7f7-408f-b808-afac566e4e6f

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале