12.01.2026, 13:00
Оқылды: 71

Сұлулық пен сымбат салтанат құрған «Winners Cup»

Орал қаласында көркем гимнастикадан «Winners Cup» ашық қалалық турнирі жоғары деңгейде өтті. Қыздар арасындағы бұл дода спорттың аталған түрін кеңінен дамытуға, жас спортшыларды салауатты өмір салтына баулуға бағытталды.

WhatsApp Image 2026-01-12 at 11.47.56

Жарысты «Winners» көркем гимнастика спорт мектебінің негізін қалаушы Алена Кенжеғалиева ұйымдастырды. Турнирдің өтуіне Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі мен «Орал» спорт клубы қолдау көрсетті.

WhatsApp Image 2026-01-12 at 11.47.13
Сайыс барысында гимнаст қыздар әсем қимыл мен нәзік пластиканы, музыка ырғағымен үйлескен әсерлі би элементтерін паш етті. Әрбір номер көрерменге ерекше әсер сыйлап, көркем гимнастиканың сұлулығы мен үйлесімін айқын көрсетті. Кілем үстіндегі әр қадам, әр бұрылыс табандылық пен тынымсыз еңбектің жемісі екенін аңғартты.

WhatsApp Image 2026-01-12 at 11.47.30
Жарыс қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен спортшылар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдар мен марапаттарға ие болды. «Winners Cup» турнирі жас гимнаст қыздардың шеберлігін шыңдап қана қоймай, көркем гимнастикаға деген қызығушылықты арттырған жарқын спорт мерекесіне айналды.

Түгелбай Бисен, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале