Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

- Бүгін шамамен сағат 9:23-те Құрманғазы көшесіндегі «Школьник» сауда үйінің қарсы бетінде Toyota Camry маркалы автокөліктің жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта болған жағдайдың мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, - делінген хабарламада.
zhaikpress.kz