3.02.2017, 12:36
Оқылды: 27

«Ашық әкімдік» облыс тұрғындарын қабылдайды


WhatsApp Image 2017-02-03 at 17.41.152017 жылғы 4 ақпанда сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін облыстық қазақ драма театрының фойесінде «Ашық әкімдік» атты Ашық есік күні өтеді. Аталған іс-шара барысында облыстық басқармалар мен қалалық бөлімдердің басшылары облыс тұрғындарының сұрақтарына жауап беретін болады.


Қабылдау барысында жер қатынастары, құрылыс, тұрғын-үй, ветеринария, ауыл шаруашылық, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, еңбек қатынастары, білім, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, туризм және басқа да салалардағы мәселелер қарастырылатын болады.

Өтетін орны: Орал қаласы, облыстық қазақ драма театры.

Өтетін уақыты: сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін.

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале