19.01.2026, 17:30
Оқылды: 50

Ақжайық ауданы: Жаңабұлақта барлық көшеге бейнебақылау орнатылды

Жаңабұлақ ауылы бойынша желтоқсан айында қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мақсатында заманауи бейнебақылау жүйесі іске қосылды. Ауыл аумағына медиа конвертор арқылы қосылған HIWatch маркалы 15 дана бейнебақылау камерасы орнатылды.

maxresdefault 611663230_122126861391000271_3403456635383897591_n

Округте барлығы 10 көше болса, олардың барлығына толықтай бейнебақылау құралдары қойылған. Қондырғылар ауыл ішіндегі қоғамдық тәртіпті тәулік бойы бақылауға мүмкіндік береді.

Орнатылған бейнебақылау жүйелері жергілікті учаскелік полиция қызметкерінің тікелей бақылауында. Ауыл әкімдігінің мәліметінше, қазіргі таңда Жаңабұлақ ауылында құқық бұзушылық деректері тіркелмеген, қоғамдық жағдай тұрақты әрі тыныш.

- Заң мен тәртіп қағидасын ауылдық жерде жүргізу мақсатында бейне бақылау камерасын орнаттық. Бұл – тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға, қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Әсіресе түнгі мезгілде жасөспірімдер мен көлік жүргізушілер тарапынан заң талаптарының бұзылуына жол бермеу басты назарда, – дейді округ әкімі Жамбыл Мерекеұлы.

Аталған шаралар ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған маңызды қадам болып отыр.

Нұрбек Ихсан,

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале