19.01.2026, 17:45
Оқылды: 47

Алғабас ауылында су құбыры іске қосылды

Теректі ауданына қарасты Алғабас ауылында ауыз су құбыры нысанының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Маңызды әлеуметтік нысанның іске қосылуы ауыл тұрғындары үшін үлкен қуанышқа айналды.

WhatsApp Image 2026-01-19 at 17.34.54 (1)

Салтанатты шараға аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова, аудан прокуроры Бауыржан Молғалиев, мердігер ұйым – «ПМК-117» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Станислав Кирилин, сондай-ақ ауыл тұрғындары мен ақсақалдар қатысты.

Шара барысында атап өтілгендей, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – мемлекеттің стратегиялық міндеттерінің бірі. Бұл жоба «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы, «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы арқылы мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылған.

WhatsApp Image 2026-01-19 at 17.34.54 (2)

Жоба бойынша бүгінде 51 тұрғын үй орталықтандырылған ауыз сумен қамтылды. Нәтижесінде ауыл халқы сапалы әрі таза ауыз суға қол жеткізді.

Салтанатты жиында аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова құттықтау сөз сөйлеп, атқарылған жұмыстың ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттырудағы маңызын атап өтті. Ол өз сөзінде аудан әкімі ретінде тағайындалған сәттен бастап ауыл тұрғындарының су мәселесін бірнеше рет көтергенін де айтты. Сонымен қатар мердігер ұйым басшысы Станислав Кирилин де сөз алып, жобаны жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Ауыл тұрғындары атынан жергілікті кәсіпкер Қанатқали Иргалиев сөз сөйлеп, ел игілігі үшін жасалған жұмысқа ризашылығын білдірді.

WhatsApp Image 2026-01-19 at 17.34.54

Рәсім барысында су құбырын іске қосу және лента қию құрметі аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова мен Қанатқали Иргалиевке берілді.

 

Әдемі Талғатқызы,

Теректі ауданы

WhatsApp Image 2026-01-19 at 17.34.54 (3)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале