20.01.2026, 16:45
Оқылды: 161

Қауіпсіздік – басты назарда

Жаңақала ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның жоспардан тыс отырысы өтті.

image-20-01-2

Оған аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім, мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты. Күн тәртібінде өткен жылдың желтоқсан айында орын алған төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша атқарылған жұмыстар,  көктемгі су тасқынына дайындық барысы мен төтенше жағдайларды  болдырмау  шаралары қаралды.  Алғашқы екі мәселеге тоқталған аудан басшысының орынбасары Ерлан Қажиев: - «Жуырда қатты жел салдарынан аудан бойынша бірқатар ғимараттардың және тұрғын үйлердің шатыры ұшу фактісі орын алды. Сонымен қатар, төтенше жағдай орын алған кезде бірқатар әлеуметтік нысандардың жылыту маусымына дайындалмағаны анықталып, жылыту жүйелері істен шықты. Аталған жағдайларға орай Жаңақала ауданы аумағында 15 желтоқсан күні №10 шешімімен төтенше жағдай жарияланып, аталмыш жағдайдың салдарын жою бойынша тиісті шаралар қыбылданып,  жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы өзен-көлдерімізге келетін тасқын суды қауіпсіз өткізу мақсатында «Қазсушар» РМК БҚФ филиалымен бірлесіп  механикалық тазарту жұмыстары іске асырылды. Аудан бойынша жалпы 46,6 ш.қ каналдар тазартылды. 11 дана эвакуациялық техника мен 3 трактор дайындалды. Барлық техника тиісті жағдайда. Су тасқыны орын алған жағдайда қажеттілікке қарай Жаңақала аудандық желілік-өндірістік басқармасынан және аудандағы кәсіпкерлерден камаз, жүк тиегіш, аутокран, эксковатор-жүк тиегіш техникалары тартылатын болады. Сонымен бірге, су тасқыны кезеңіне  аудан бойынша 21 бірлік мотопомпа, 10 дана жүзу құралдары (үрмелі қайық), 30 тонна инертті материал және 173 адам жеке құрам дайындалды», - дей келе Жаңақала ауылындағы арықтарды тазалау, барлық ауылдардағы су басу қаупі бар үйлерді тексеріп, қар шығару жұмыстарын ұйымдастыру, аудан тұрғындарына аулаларындағы қарды шығару бойынша хабарлама беруді хаттамаға енгізуді ұсынды. Соңғы мәселеге төңірегінде аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Еркебұлан Нұғманов тоқталды. Айтуынша, 2026 жылғы су тасқыны кезеңің апатсыз өткізуге бағытталған іс-шаралар ойдағыдай жүргізілуде. 2025 жылы су тасқынына қарсы 8000 дана қапшық және 200 дана төсек орындар сатып алынған. Аудан аумағында орын алатын төтенше жағдайлардың алдын алу шараларынабюджеттен 5 млн теңге қаражат бөлінген. Сонымен қатар осы жылы ақпан айында 3 мотопомпа, 1 дана генератор және қосымша 5000 дана қапшық алу жоспарлануда. Су тасқынының алдын алу мақсатында қар еру кезінде 2400 текше метр су сорылып, 205 текше метр қар шығарылды. 1000 қап қапталып, су тасқынына қарсы бөгеттер бойынша 14 елді мекенде тексеру жұмыстарыжүргізілді және су тасқыны қаупі бар 14 елді мекен бақылауға алынды. Аудан көлемінде қаңтар айының басында әр округ әкімдігі Жаңақала ауданы әкімі аппараты арқылы 9 азық-түлік дүкенмені, 4 асханамен, 7 киім-кешек сататын кәсіпкермен ниет-шарт жасалды. Күні бүгінде аудан бойынша  6 дабылдағыш құралдары орнатылған.

imag

Жиын соңында қозғалған тақырып бойынша сұрақ-жауап пен ұсыныс-пікірлер ортаға салынды.

 

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале