22.01.2026, 13:00
Оқылды: 62

Ақпанда Қазақстан азаматтары қанша күн демалады?

 

2026 жылы ақпанда Қазақстанда мемлекеттік мерекелер атап өтілмейді, сондықтан демалыс күндері - тек сенбі мен жексенбі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2026 February calendar on yellow background

Сурет: istockphoto.com

Қыстың соңғы айы жылдың ең қысқа кезеңі болғандықтан, бұл айда азаматтар 8 күн демалады.

Дегенмен ақпанда кәсіби және өзге де атаулы күндер бар:

  • 1 ақпан - Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметкерлері күні;
  • 2 ақпан - Ұлттық басылым күні;
  • 15 ақпан - Кеңес әскерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығару күні.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале