22.01.2026, 16:30
Оқылды: 10

Урбанистика және сәулет орталығы қала дамуын жоспарлайды

Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиевтің төрағалығымен Сәулет және қала құрылысы бөлімінің жанындағы «Урбанистика және сәулет орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен жиын өтті. Бұл туралы Орал қаласы әкімдігі өздерінің Facebook парақшасына жазды.
жп уральск акимат (1)
Орал қаласының сәулеттік келбетін жүйелі дамыту, қалалық ортаның сапасын арттыру және абаттандыру бағытындағы негізгі міндеттер айқындалды. Қаланың көрнекі бейнесін қалыптастыру мен урбанистік шешімдерді жетілдіруге ерекше назар аударылды.
Жиын барысында жаңа орталықтың қызметі жан-жақты пысықталып, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланды.
Мекеменің негізгі бағыттары:
• қалалық ортаны абаттандыру және дамыту;
• дизайн-кодты енгізу және қаланың бірыңғай көрнекі бейнесін қалыптастыру;
• қоғамдық кеңістіктерді жаңғырту;
• қала ортасын дамытуға тұрғындар мен жұртшылықты тарту.
Сонымен қатар орталық қала көшелерінің сәулеттік келбетін реттеу, ғимарат қасбеттері мен сыртқы жарнаманың белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізеді.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале