Шымкент қаласында каратэден «Shymkent Open–2026» халықаралық турнирі өтті. Аталған турнир жылдың ең маңызды додаларының бірі - Қазақстан Республикасының Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Саттар Қуашбайдың жүлдесіне арналды. Жарысқа 3 мемлекеттен 900-ге жуық каратэ шеберлері қатысты.

Халықаралық турнирге жерлесіміз Жасмин Жаманова 12-13 жастағы қыздар арасында 52 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын және Ката бағдарламасы бойынша ІІІ орынды жеңіп, қос күміс жүлденің иегері атанды. «Shymkent Open–2026» халықаралық турнирі - биылғы маусымдағы еліміздегі ең ірі үш рейтингтік турнирдің бірі болып табылады.
Халықаралық турнирдің нәтижесі бойынша Karate WKF аясында Азия және Әлем чемпионаттарына қатысатын құрам анықталады екен.
Айдана Абдрахманова,
Бөрлі ауданы