4.02.2017, 15:38
Оқылды: 43

«Болашақ» түлектері Елбасы Жолдауын талқылады

Maken  Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында «Болашақ» бағдарламасының түлектері Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жақында жасаған Жолдауын талқылады.


 Жиынға «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жастар ұйымының көшбасшылары, студенттер мен азаматтық қоғамның уәкілдері қатысты. Жиналысқа ҚР Мәжіліс депутаты, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Бақтияр Мәкен төрағалық етті. Ол саяси жүйені одан әрі демократияландыру үшін ҚР Президенті ұсынған мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу реформасының маңыздылығы жөнінде сөз қозғады.

  Талқылау барысында жиынға қатысушылар Президент, Парламент және Үкімет арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу реформалар бағдарламасы туралы пікірлерін ортаға салды. Олар аталмыш реформаларды жүзеге асыру уақыты өте сәтті таңдалғанын алға тартып, реформалардың басталуымен Қазақстанның халықаралық ортадағы демоктратиясының жаңа кезеңі болатынын айтты.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале