24.01.2026, 9:00
Оқылды: 13

Сайқындық көпбалалы ана «Алтын алқа» наградасымен марапатталды

Бөкей ордасы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Кенесары Нұршинов Сайқын ауылының тұрғыны көпбалалы ана Нұрсәуле Хасымованы қабылдап, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2025 жылғы 12 желтоқсандағы №1119 Жарлығына сай, жеті баланы дүниеге әкеліп тәрбиелегені үшін мемлекет тарапынан берілетін «Алтын алқа» наградасын салтанатты түрде табыс етті.

IMG-20260123-WA0012
Қабылдау барысында Кенесары Бекболатұлы Нұрсәуле Хасымованы жоғары марапатымен құттықтап, оның ел демографиясын нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.
Сонымен қатар, көпбалалы отбасыларға көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдаулар туралы айтып, ананың бала тәрбиесіндегі еңбегі зор құрметке лайық екенін жеткізді.

IMG-20260123-WA0015
Аталмыш салтанатты шараға қатысқан аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева да өзінің ақжарма тілегін жеткізіп, қуанышымен бөлісті.

IMG-20260123-WA0016
Өз кезегінде марапат иесі көрсетілген құрмет пен қолдау үшін алғысын білдіріп, балалардың амандығы мен елдің болашағы үшін қызмет ету әр ананың басты парызы екенін айтты.

Темхар Рахметолла
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале