27.01.2026, 16:15
Оқылды: 10

Тасқала ауданында аудандық форум өтті

Тасқала  аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» айлығы аясында «Құқықтық тәртіп: мемлекеттік кепілдік» тақырыбында аудандық форум өтті.

Жақсығұлов 2

Форум жұмысына қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ювеналдық полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция капитаны Эльдар Батырұлы, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Айгүл Қадырбайқызы, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, тәлімгерлер мен 9–11 сынып оқушылары қатысты.

Жақсығұлов 3

Форум барысында спикер ретінде аудан әкімі Талғат Асқарұлы, аудан прокуроры Алмас Маратұлы, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Жантемір Таңатарұлы, сондай-ақ полиция саласының ардагері әрі білім беру бөлімінің заңгері Мұрат Мұқанұлы сөз сөйлеп, өз кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.

Форумның  жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру және мемлекеттік кепілдіктердің маңызын түсіндіру мақсатында оздырылды.

Жақсығұлов 4

Кездесу барысында спикерлер құқықтық білім берудің өзектілігін тілге тиек етіп, оқушыларға олардың құқықтары мен міндеттері, қауіпсіздік шаралары, сондай-ақ заң бұзушылықтардың алдын алу мен оның салдары туралы жан-жақты ақпарат ұсынды.

Сонымен бірге оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі ашық жауаптар беріліп, өмірлік тәжірибеге негізделген пайдалы кеңестер айтылды.

Жақсығұлов.docx 1

Аталған форум жастар арасында құқықтық мәдениетті нығайтуға, қоғамда заңға деген құрметті арттыруға бағытталған маңызды әрі мазмұнды шара болды. Жас ұрпақ — ел болашағы, ал құқықтық тәртіп пен мемлекеттік кепілдіктерді сақтау — баршамызға ортақ жауапкершілік.

Болатбек Сапарғалиев

Тасқала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале