30.01.2026, 9:30
Оқылды: 16

Бала құқығын қорғау қызметі күшейе ме?

Сұрақ-жауап

– Облыста балалардың құқығын қорғау басқармасы ашылады  деп естідік. Аталмыш құрылым  қашан  жұмысын бастайтынын білгіміз келеді.

Гүлім Бисенбайқызы,

Орал қаласының тұрғыны

WhatsApp Image 2026-01-29 at 15.42.43

– Республика бойынша барлық өңірлерде балалардың құқықтарын қорғау басқармалары құрылуда. Бұл басқармалар балалардың құқықтары бұзылған кезде жағдайды бақылауға алып, өңірдегі қызметтерді үйлестіруге жауапты болады. Біздің өңірде балалардың құқығын қорғау басқармасы жақында өз жұмысын бастайды. Жаңа мекеменің міндеті  –  балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, құқықбұзушылықтарға жедел жауап беру, отбасыларға, балаларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету. Сондай-ақ басқарманың қарамағына облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы, облыстық отбасылық әдістемелік-психологиялық қолдау орталығы, арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы кіреді. Басқармада жеті мемлекеттік қызметші, 20-ға тарта азаматтық қызметші жұмыс істейді. Басқарма өз қызметін жақын күндері бастайды деп күтілуде.

Саягүл Ғалиева,

облыстық білім басқармасы басшысының  орынбасары

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале