Қазақстанда меритократия тиімді мемлекеттік басқарудың негізін құрайтын маңызды стандартқа айналуда. Батыс Қазақстан облысында бұл қағидат белсенді түрде жүзеге асырылып, кәсіби даму мен мемлекеттік басқарудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Мемлекеттік қызметтегі меритократияның маңызын және оның біздің өңірде қалай енгізіліп жатқанын қарастырып көрейік.

Меритократия, еңбегіне қарай қызметте өсу жүйесі ретінде, мемлекеттік қызметтегі табыс пен мансаптық өсу кәсіби жетістіктерге, білімге және біліктілікке байланысты екенін білдіреді, ал жеке байланыстар мен мәртебеге тәуелді болмайды. Мемлекеттік қызметті жаңғырту жағдайында меритократия қағидаты ерекше маңызды, өйткені ол халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыра отырып, ең білікті және ынталы қызметкерлерді тартуға мүмкіндік береді.
Батыс Қазақстан облысында меритократия мемлекеттік қызметтің ашық, есепті және нәтижелі жүйесін құрудың негізі болып табылады, мұнда әрбір қызметкер өз еңбегінің лайықты бағаланатынын және мансаптық мүмкіндіктері жеке үлесі мен біліктілігіне байланысты екенін түсінеді.
Осылайша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірде мемлекеттік қызметтегі меритократия деңгейі 80,5%-ды құрап отыр. Өткізілген 82 конкурстың нәтижесінде 66 кандидат жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалды. Оның ішінде, 2025 жылдың төртінші тоқсанында 100%. 2024 жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш 74% болған еді.
Мемлекеттік қызметте меритократия қағидаттарын жүзеге асыру үшін уәкілетті орган – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті бірнеше құралдарды қолданады.
Мұрат Байсалов,
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы