3.02.2026, 10:00
Оқылды: 22

Конституциялық реформа - өзгерістің бастауы

 

Қазір әлем күн санап өзгеріп жатырғаны рас. Халықтың талап-тілектері мен сұранысының сипаты өзгеруде.

WhatsApp Image 2026-02-03 at 10.43.46

Жүргізіліп жатқан конституциялық реформа – Қазақстанның саяси жаңғыруындағы маңызды кезең деп есептеймін. Бұл өзгерістердің басты мәні – билік пен қоғам арасындағы сенімді нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты құқықтық тетіктермен қамтамасыз ету.

Реформа аясында Президент өкілеттігінің шектелуі, Парламенттің ықпалының артуы және Конституциялық соттың енгізілуі билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейтті. Бұл мемлекет басқарудағы ашықтық пен жауапкершілікті арттырады.

Сонымен қатар, жаңа конституциялық нормалар адам құқықтарын ең жоғары құндылық ретінде бекітіп, өлім жазасының толық жойылуын заң жүзінде нақтылады.

Жалпы, бұл реформа әділетті, құқықтық және жауапты мемлекет қалыптастыруға бағытталған жүйелі қадам деп ойлаймын.

 

Саягуль Ғалиева,

Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы

басшысының орынбасары

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале