3.02.2026, 11:45
Оқылды: 14

Жаңа Конституция жобасы энергетика саласының технологиялық жаңғыруына құқықтық негіз қалайды

Елімізде жарияланған жаңа Конституция жобасы отын-энергетика кешенін құрылымдық тұрғыда трансформациялауға және саланы жоғары қосылған құн мен ғылымды қажет ететін технологияларға негізделген экономикаға көшіруге берік құқықтық негіз қалыптастырады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жазды.

_gluster_2026_2_3_831b379b339c51d1923d4f398aeaf577_1280x720

Саланы дамытудың негізгі факторы ретінде жаңа Ата Заңда ғылым мен инновациялардың мәртебесі бекітілді. Құжаттың 3-бабына сәйкес адами капиталды, білім мен ғылымды дамыту мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде айқындалды. Бұл норма энергетика секторын технологиялық жаңғыртуға және цифрландыруға инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.

«Білім мен ғылым құндылықтарын конституциялық норма деңгейіне көтеру ел дамуының нақты бағытын айқындайды. Энергетика саласы үшін бұл қосылған құн интеллект пен технология есебінен қалыптасатын модельге көшу дегенді білдіреді. Біз бұл өзгерістерді саланы жедел цифрландыру мен күрделі индустриялық жобаларды басқара алатын жаңа буын кадрларды даярлаудың сенімді негізі ретінде қарастырамыз», – деп атап өтті Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов.

Сонымен қатар, Конституция жобасы табиғатқа ұқыпты қарау мен жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыруды конституциялық құрылымның негіздері қатарына енгізді. Аталған норма экологиялық жауапкершілікті жалпыұлттық басымдық деңгейіне көтеріп, өнеркәсіп секторы үшін қатаң құқықтық шеңбер қалыптастырады. Экологиялық стандарттарды сақтау кәсіпорындардың қызметі үшін міндетті конституциялық талапқа айналып, «таза» генерация және өндіріс технологияларын енгізуді жеделдетеді.

Преамбулада бекітілген «Заң және Тәртіп» қағидатына да ерекше мән берілген. Энергетика саласы үшін бұл, ең алдымен, инвестициялық тартымдылықтың берік іргетасы болып табылады.
«Құқық үстемдігінің конституциялық кепілдігі келісімшарттық міндеттемелердің тұрақтылығын және бизнес үшін ойын ережелерінің болжамдылығын қамтамасыз етеді. Бұл норма энергия ресурстарының көлеңкелі айналымына, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне және жер қойнауын пайдалану саласындағы кез келген заңбұзушылықтарға жол бермейтін ашық және айқын нарықтық ортаны қалыптастырады», – деп толықтырды Ерлан Ақкенженов.

Жаңа Конституция жобасы 8-бап арқылы жер мен жер қойнауының Қазақстан халқына тиесілі екенін бекітеді. Бұл норма мұнай-газ секторынан түсетін кірістерді әділ бөлуге және мемлекеттің әлеуметтік бастамалары мен міндеттемелерін орындаудың тұрақты негізі болып қала береді. Сондай-ақ Конституциялық реформаларды жүзеге асыру 2035 жылға дейін энергетиканы дамыту жоспарын орындауға, жаңа энергетикалық нысандар салуға және шикізатты терең өңдеуге қажетті құқықтық алаңның болжамдылығын қамтамасыз етеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале